$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 11:12
Қоғам

«Таңбалы» тарихи музейіне келушілер саны 17 есе қысқарған

Қола дәуірінен қалған жәдігерлерді небәрі 7 қорықшы күзетіп жүр

«Таңбалы» тарихи музейіне келушілер саны 17 есе қысқарған

Алматы облысындағы «Таңбалы» тарихи музейіне биыл небәрі 500 турист келген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17 есеге аз. Жамбыл ауданы Қарабастау ауылының маңында ашық аспан астындағы музей аумағында бүгін қос бірдей ғимарат ашылды.

Қорықты қорғап, сол маңдағы өлкенің тарихын зерттеумен айналысатын мамандар ұзақ жыл кеңсе жалдап, көшіп-қонып жүрген еді. Бұдан былай олар «Таңбалы» қорығының аумағында салынған ғимаратта отырады.

«Биыл ғимаратты музейге айналдыру жұмысы жүргізілді. Заманауи үлгіде жабдықталған жаңа орталық көрме залы, конференция залы, зертхана, кітапхана, кеңсе, келушілер үшін асхана және қонақүймен қамтылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 1478,9 шаршы метр. Оның ішінде көрме залы 136 шаршы метрді құрайды. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Сондай-ақ, ғимарат сыртында  ұлттық дәстүріміз, тарихымыз бен мәдениетімізге негізделген этноауыл алаңы, 5 киіз үй орналасқан. Онда қазақтың дәстүрлі қолөнері, зергерлік өнер, аңшылық өнері, тұрмыс-салт бұйымдары және басқа да ақпараттармен қамтылған», - деді музейдің аға ғылыми қызметкері Қуаныш Нұрмақсұтов.

Шатқалдағы тамғалы тастарға қашалған петроглифтер «Жоғалып кеткен дала өркениетінің айрықша дәлелі» ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрасы тізіміне енгізілген. Таңбалының табиғаты, өсімдіктер және жан-жануарлар әлемі де туристік кластерді дамытуға таптырмас орындардың бірі. Қорықтың аумағында қола дәуірінің құнды жәдігерлері саналатын бес мыңнан астам жартас-ескерткіш, 92 қорған, қола дәуіріндегі адамдардың өмір сүрген 40 тұрағы (үйлерінің орны) табылған.

Түркі заманының петроглифтері саналатын аумақта ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар туристерді тарту да басты мақсаттардың бірі. Өлкенің турситік тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 535 миллион теңгеге қос ғимарат салды. Бірақ қорық-музейге келетін адам саны сирек. Былтыр 8862 адам таңбалы тастарды тамашалауға келсе, биыл нәбәрі 500-ге жуық турсит келген.

«Қорықтың жалпы аумағы – 3800 гектар. Визит орталығына 24 гектар жер бөлініп, қос ғимарат салынды. Келетін адамдар санының аз болуы пандемияға байланысты. Қорықтың аумағына ересектер – 500, оқушылар 250 теңге төлеп кіреді. «Таңбалы» қорығы жартас өнерінің сирек үлгілері қалыптасқан тарихи мекен, Жетісу өңіріндегі ашық аспанасты музейлерінің бірегейі саналады», - деді музейдің қызметкері.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары