26.11.2020, 10:57
Қоғам
Қазақстанға ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды
Кеше Қазақстанға 8 мемлекеттен 1000-нан астам жолаушы ұшып келген
Фото: ашық дереккөзден
25 қарашада Қазақстан аумағына Египет, Түркия, Ресей, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсімен мыңнан астам жолаушы келді.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметі бойынша, 1 026 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам (ҚР азаматтары) келді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс (507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз – 76);
- Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс (420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз – 29);
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс (барлық 99 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды