«Қазақстандағы ауруханалар толық, емдейтін ешкім жоқ»: Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 182 дәрігерге өтемақы берілген

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде «Қазақстанның ауруханалары толық, емдейтін ешкім жоқ», «Коронавирустан 600 дәрігер көз жұмды» деген сөз тіркестері жазылған суретті жариялап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.   

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде еліміздегі инфекциялық ауруханалардың 22%-ы жұмыс істеп тұр. 15 151 төсек-орынның 3 289-ына науқастар жатқызылды. Реанимация бөлімшелерінің 17%-ы (1523-тен 256 төсек) қолданылуда.

Карантиндік стационарларда 428 пациент жатыр, оның ішінде 6886 төсек-орын бар. Жүктеме 6,2% құрайды.

«Коронавирустан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленген 182 төлем тіркелген. Демек, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі және дәрігерлер жетіспеушілігі туралы пікірлер – жалған», - делінген ведомствоның хабарламасында.