$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 14:52
Қоғам

Қазақстанда басшылық қызметте жүрген 4 мыңнан астам шетелдік азамат бар

Елімізде 16 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

Қазақстанда басшылық қызметте жүрген 4 мыңнан астам шетелдік азамат бар
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында 15 832 шетелдік азамат жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай санаттар бойынша берілген: бірінші санат – 658 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 430 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Үшін бөлігі – мамандар (7 302 адам) және төртінші бөлігі - білікті жұмысшылар (1 058 адам). Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 728 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 656 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмысшы күшін пайдаланатын 1770 жұмыс беруші бар. Оларда 455 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай (3459 адам), Өзбекстан (1 693 адам), Түркия (1 621 адам), Үндістан (1 145 адам), Ұлыбритания (1 038 адам) елдерінен келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2020 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,32%-ды (29,3 мың бірлік) құрады.

Серіктес жаңалықтары