Облыстағы қан орталығы тәулігіне 100 донорға дейін қабылдай алады
Жылына 15 мың доза қан дайындайтын мекеме жылдық жоспарды орындағанымен, қазір тұрғындар арасында қан тапсырушылар қарасы сиреген, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Облыстық қан орталығы тәулігіне 100 донорға дейін қабылдай алады. Алайда қазір мұнда адам аяғы сирек.
«Бүгінге келген адамның саны – 8. Солардан қан алып, өңдеуге жібердік. Бұрында 40-45 адам күнделікті тапсыратын. Бүгін сағат 8.30-дан сағат 13.30-ға дейін осы жерде қабылдаймыз», - дейді , қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Мүбиін Дүйсәлиев .
Өткен 10 айда орталыққа 6018 донор қан тапсырып, 13042 доза қан компоненттері дайындалыпты. Алайда қан қоры үнемі толықтырылып отыруы тиіс.