Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Отанына оралғандардың 55,9%-ы еңбекке қабілетті жаста

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды
Фото: gov.kz

1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Қазақстанға оралған қандастардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден келген.

Отанына оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.