Екінші тоқсан басталған күні 55 баланың коронавирус жұқтырғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордалық мектептердің бірі карантинге жабылды

фото: kzaif.kz

Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Кеше Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Екінші тоқсан енді ғана басталғанын білесіздер. Кешегі күннің ішінде 55 баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың 14-і онлайн білім алған, ал 41 оқушы қашықтан оқыған», - деді комитет басшысы ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 1 042 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 302-сі – кезекші сыныптарда, қалған 740-ы қашықтан білім алу кезінде індетке шалдықты. Қазір КВИ анықталған 456 бала ем алып жатыр.

Сондай-ақ елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған.