17.11.2020, 18:18
Қоғам
Шымкенттегі тойханалардың бірі карантин талаптарын 7 рет бұзған
Шаһардағы карантин режимін бірнеше мәрте бұзған нысандар анықталды
Фото: polisia.kz
Шымкент қаласында көп адам жиналатын бірқатар нысандардың бірнеше мәрте карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша барлығы 864 заңбұзушылық анықталған.
Карантин ережелерін бұзатындар: түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік контораларда (166); шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсемдік салондарында (42); той немесе басқа да жиын өткізгендер (99); дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда (245) және т.б.
Карантин режимін бірнеше рет бұзған нысандардың тізімі төмендегідей:
- Абай ауданы, «Шафран» кафесі (2 рет);
- Абай ауданы, «Метро» түнгі клубы (2 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Арзан» дүкені (4 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Донер» орталығы (3 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Мерей» тойханасы (7рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Жұлдыз» мейрамханасы (3 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Чехов-PUB» кафесі (5 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «Shelby» караоке-клубы (5 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «АВАЗ-АТА» азық-түлік дүкені (9 рет);
- Әл-Фараби ауданы, «FC» интернет клубы (7 рет);
- Еңбекші ауданы, «Злиха» саунасы (2 рет);
- Еңбекші ауданы, «Татьяна» саунасы (2 рет);
- Қаратау ауданы, «RoyaL Rose» тойханасы (3 рет).
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)