13.11.2020, 21:54
Қоғам
Карантин: Ақтөбе облысында 11 той иесіне 7 млн теңге айыппұл салынды
Өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында бір аптада 11 той иесіне 7 миллион теңдеген астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«3-9 қараша күндері аралығында мейрамханаларда 11 той өткізілген. Оларға 7,2 миллион теңгеге айыппұл салынды. Қазір облыста эпидахуал тұрақты. Егер біз бетперде тағып, арақашықтықты сақтасақ, жағдай қалыпты болады. Сондай-ақ өңірде оқушылардан COVID-19 анықталмады. Оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді. Қазір Қаулы дайындалып жатыр», - деді Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева.
Оның айтуынша, өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды