Мегаполисте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен фотокөрме өтіп жатыр
Алматы тұрғындары коронавирустан сақтануға үгіттеудің тағы бір жолын тапты. Көптің назарына коронавируспен күрес кезіндегі қиын да қорқынышты жағдайларды көрсететін фотокөрме ұйымдастырылып жатыр. Мақсат – қала тұрғындарын қауіпті індеттен картинада медицина қызметкерлерінің, эпидемиологтардың, полицияның, еріктілердің жұмыс кадрлары мен алматылықтардың пандемиямен күрестегі өз көзқарастары бейнелеу түрінде берілген.
Бұл жобаға қатысуға ықылас білдірген кез келген адамның мүмкіндігі болды, ол үшін оның қаланың коронавируспен күресін өз көзқарасы тұрғысынан берген 5 фотосурет немесе басқа да графикалық суретті (карикатура, иллюстрация) жіберуі керек болатын. Ең басты шарт ерекше контент қолдану болатын.
«Фототілші ретінде мен коронавируспен байланысты жағдайды алғашқы күндерден бастап түсіре бастадым. Қызық болды, кейде тіпті қорқынышты болды. Бос қала, блок-бекеттер, асығып бара жатқан жедел жәрдем көліктерінің сиренасы және т.б. Алайда жұмыс оқиға орнында болуымды қажет етті, онсыз халықтың негізгі бөлігіне олардың өз қалаларында не болып жатқанын көрсету мүмкін болмас еді. Ондай журналистер көп, бәрі кез келген сәтте репортажға баруға дайын болды және осы фотокөрме лер кезінде қолға алынған», - деді фотокөрмеге қатысушы, жұмыстардың авторы Олег Спивак.
Жобаның басты мақсаты – коронавирустың болуы ықтимал жаңа толқыны қарсаңында санитария нормаларын, әсіресе маска тағу режимін ұстанудың маңыздылығын, пандемиямен күресте алдыңғы шепте табылатын жандардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция, еріктілер т.б.) жұмысының құндылығын тұрғындардың есіне салу.
«Мен адамдарға пандемия мен карантин кезінде өзімізді қалай ұстауымыз керек екенін көрсеткім келді. Ең бастысы – осындай қиын кезде адамдар бір-біріне құрмет көрсетуді ұмытпай, біріне-бірі қамқор болулары керек. Адамдардың осы дертке қатысты дүниетанымы кеңейіп, көбірек жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын ұстанса: қашықтықты сақтап, бетперде киіп жүрсе дегім келеді. Себебі, оны бізден басқа ешкім жасамайды. Егер осыны ұстанбасақ, бәріміз ауырып қаламыз», - деді фотокөрмеге туындысын қойған Талғат Галимов.
Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиялық жағдайдың ушыға түскенін ескере отырып, қала тұрғындарын алдын алу шараларын қатаң сақтауға және санитарлық-эпидемиялық шараларды ұстануға шақырады. «COVID-19-бен бірге күресеміз» атты жылжымалы фотокөрме қаланың барлық аудандарында 12-19 қараша аралығында өткізіледі.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы