$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 15:31
Қоғам

«Балбикелер»: Түркістан облысында медбикелер қызметтік харассментке ұшырап жүр

Бұл туралы «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі мәлім етті

«Балбикелер»: Түркістан облысында медбикелер қызметтік харассментке ұшырап жүр
Көрнекі фото

«Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Алмат Мұхамеджанов қазақстандық қыз-келіншектердің қызмет барысында харассментке жиі ұшырайтынын айтты.

«Бізге шағымданушылардың арасында мемлекеттік қызметте істейтіндер де, ірі ұлттық компаниялар мен оқу орындарында жұмыс істейтін әйелдер де бар. Бір қызығы, көптеген басшылық орындар әйелдердің шағымына мән бермейді немесе олардың құқығын қорғауға құлық танытпайды. Мәселен, былтыр оңтүстік өңірдегі облыстық ауруханалардың бірінде дәрігер өзінің медбикесін зорлап, бар болғаны жұмыстан шығу жазасымен құтылып кетпекші болған. Себебі, ауруханадағы бас дәрігер - оның группаласы. Ал, жаңағы зорланған келіншек бір жыл көлемінде басшылыққа әріптесі тарапынан «біртүрлі» ұсыныстар болып жүргенін айтқан. Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспаған. Одан бөлек, жалғызбасты әйелге әріптесі: «Жыныстық қатынас сенің денсаулығың үшін керек, онда тұрған не бар?» дегенді айтқан.  Әрине, аталған оқиғаның соңы зорлықпен аяқталды. Бірақ жәбірленуші келіншек осымен тоқтап қалмай, оқиғадан кейін басшылыққа барады, полицияға арыз жазады. Сот барысында ол келіншек аурухана басшылығы тарапынан үлкен қысымға ұшырады, қызметі төмендеді. 21 қазанда (2019 жыл – авт.) сот зорлаушыны ақтады, осыдан соң біздің ұйымымыз аталған іске араласты. 16 аппеляциялық шағым болды. Биыл шілде айында ғана зорлаған адам жазасын алды», - деді Алмат Мұхаметжанов.

Қор жетекішісі тікелей көрсетілім кезінде жуырда ғана Түркістан облысындағы ауруханалардың бірінде медбикелердің әріптес еркектер тарапынан харассментке ұшырап жүргендерін жайып салғанын айтты.

«Түркістан облысындағы дәрігерлердің үстемақысы мәселесімен айналысып жатырмыз. Сондағы мейірбикелер де қызмет барысында әріптес еркектер тарапынан сексуалды қысымға ұшырайтынын айтты. Оларды ауруханадағы ерлер «балбикелер» деп атайды екен. Айта берсек, мұндай оқиғалар шаш етектен. Біздің әйелдер өз құқығын қорғауды үйренуі тиіс. Әрбір ұйымда этикалық кодекс болуы керек», - деді маман.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары