$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 16:57
Қоғам

Шетелдіктер Қазақстан шекарасын 3 айда бір-ақ рет кесіп өте алады – Бас санитар

Келер жылдың мамырына дейін 57 елдің азаматтарына визасыз режим тоқтатылады

Шетелдіктер Қазақстан шекарасын 3 айда бір-ақ рет кесіп өте алады – Бас санитар
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Коронавирустың шет елдерде қайта өршуіне байлынысты ҚР аумағында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер үшін еліміздің шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Вице-министр коронавируспен күрес шараларына қатысты шекарадағы қауіпсіздік тәртібінің қайта күшейтілгенін мәлім етті.

«Қазақстан аумағында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері, ҚР азаматтарының отбасы мүшелері саналатын шетелдіктер үшін еліміздің шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Аталған адамдар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды. Сондай-ақ 2021 жылдың 1 мамырына дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру мерзімі ұзартылды. 2021 жылғы 1 қаңтарына дейін Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз жүруі тоқтатылды», - деді Ерлан Қиясов.

Брифингте карантинге байланысты құзырлған мониторинг топтары жүргізген рейд нәтижесі баяндалды. Жалпы, республикада карантин талаптарын бұзған нысандардың үлесі 9,7%-ды құраған.

«Түркістан, ШҚО және Алматы облыстарында эпидемияға қарсы және шектеу шараларын сақтамайтын объектілердің едәуір ұлғайғаны байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 1329 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Түркістан облысында - 237, Шығыс Қазақстан облысында – 260, Алматы облысында – 106, Ақмола облысында – 101 адамға айыппұл салынды» - деді Ерлан Қиясов.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары