$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 13:50
Қоғам

Жеңіс Қасымбек облыстың КВИ-дің екінші толқынына дайындығы жайында айтты

Облыста жарты жыл ішінде 47 аурухана іске қосылған 

Жеңіс Қасымбек облыстың КВИ-дің екінші толқынына дайындығы жайында айтты
фото: Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек, sputniknews.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек КВИ-дің ықтимал екінші толқынына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты. Облыста ауруханалардағы төсек орны үш есеге артқан. Өңір басшысының айтуынша, аймақта жарты жыл ішінде ауруханалар мен санаторийлер базасында 47 аурухана әзірленген.

«Қазір 17 аурухана жұмыс істеп тұр. Қалғандары науқас қабылдауға дайын. Бүгінде науқастарға арналған орындардың толуы 4%-дан аспайды. Облыста төсек орны үш есеге артты. Жыл соңына дейін оның саны 5200-ге жетеді. 288 мобильді емханалық бригада құрылды. Шалғай ауылдарда 9 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Қарағанды облысында қуаттылығы тәулігіне 10 мың зерттеуге дейінгі 8 ПТР-зертхана бар. Ауруханалар, емханалар мен дәріханалар үшін үш айлық дәрі-дәрмек қоры дайындалды», - деді әкім ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Әкім пандемия кезінде аймақтағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін 2200 тұрақты жұмыс орны құрылғанын айтты. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетілген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2,8 мың кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсетілді, 2,3 мың адам кәсіпкерлікке оқытылды», - деді әкім.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары