Дариға Назарбаева жастарға кеңесін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұрынғы Сенат төрағасы жаңа жобаның қонағы болды

Фото: gov.kz

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» атты жастарға арналған республикалық білім беру жобасын іске қосты. Жоба онлайн-форматта жүзеге асады және оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар қатыса алады.

Жобаның мақсаты - жастарды жаңашылыққа бейімдеп, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады

Білім беру жобасының алғашқы қонағы – Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева.

«Пандемияның тез арада аяқтала қоймайтынын білеміз. Сондықтан осындай жағдайға дайын болып, әлі де әрекет етуіміз керек. Бұл -  қолдауға мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетуді жалғастыру, қауіпсіздік ережелерін үйрену, өзің үшін және айналаңдағылар үшін жауапкершілікті сезіну деген сөз. «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» деп жобаның аты айтып тұрғандай, жастардың алдында жаңа міндет тұр», - деді Дариға Назарбаева.