Атырауда жасырын тойға атсалысқан асабалар да жауапқа тартылады

Автор: Azattyq Rýhy

Айыппұлды елемеген екі шоумен іздестіріліп жатыр

Көрнекі фото

Атырауда енді эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жасырын үйлену тойларын ұйымдастырушылар ғана емес, қонақтардың көңілін көтеретін асаба, фото-видеооператорлар да жазаланады. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.

«Олар да құқық бұзушылар, сондықтан жауапқа тартылады», - деді Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза.

Қалалық СЭС-ке астыртын өткізілген той-жиындарға қатысты үш әкімшілік іс түскен. Бірінде асабаға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Екі шоумен айыппұлды елемеген, олар іздестірілуде.

Еске сала кетейік, жеке тұлғаларға қатысты шектеу шараларын бұзғаны үшін айыппұл – 83 мың теңге, ал жеке кәсіпкерлер үшін 600 мың теңгеден асады.