Қабылданып жатқан шараларға қарамастан кейбір ойын-сауық мекемелері мен қоғамдық тамақтану объектілері карантиндік шараларды өрескел бұзуда
Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталды, деп хабарлады polisia.kz
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан кейбір ойын-сауық мекемелері мен қоғамдық тамақтану объектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіре отырып тыйым салынған уақытта карантиндік шараларды өрескел бұзуда.
Осылайша, 4 қарашада мобильді топ Жеке батыр көшесінде орналасқан “Теккила” бар анықтаған. Аталған дәмхана жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап 22.00-ге дейін бекітілген кестені сақтамай қызмет көрсеткен.
Сондай-ақ мейрамханаларда көптеген қонақ шақырып, отбасылық іс-шаралар өткізу үдерісі байқалады. Мысалы, 25 қазанда Сембинов көшесiнде орналасқан “Сұнқар” мейрамханасында 50-ден астам келуші болған, “Қалжа” тойы аталып өткен.
Карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталған.
Бетперде режимін сақтамаудың 213 фактісі анықталған.
Анықталған шектеу шараларын бұзу бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Қала тұрғындарымен және қонақтарымен 54 342 профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді.