ШҚО әуежайынан ПТР-анықтамасы жоқ 49 жолаушы әуе рейстеріне жіберілмеді

Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады

ШҚО әуежайынан ПТР-анықтамасы жоқ 49 жолаушы әуе рейстеріне жіберілмеді
Фото: aeroport.kz

ШҚО-да ПТР-анықтамасы жоқ немесе мерзімі өтіп кеткен 49 жолаушы Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қатынайтын әуе рейстеріне жіберілмеді.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, 2 қарашада ШҚО-дан Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ПТР-анықтамасы бар 385 жолаушы әуе рейстерімен ұшып барған.

«Өскемен және Семей әуежайларынан Нұр-Сұлтанға ұшпақ болған ПТР-анықтамасы жоқ 33 жолаушы жіберілмеді. Оның ішінде екі жолаушының ПТР-анықтамасының мерзімі өтіп кеткен. Ал, Өскемен және Семей әуежайларынан Алматыға ұшпақ болған 11 жолаушы анықтамасы болмағаны үшін әуе рейстеріне жіберілмеді», - деді ол. 

Сондай-ақ Өскемен қаласынан Шымкентке ұшпақ болған әуе рейсіне тиісті анықтамасы жоқ 5 жолаушы жіберілмеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.