$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.11.2019, 16:48
Қоғам

Kaspi Gold арқылы пара алатындар көбейген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінің айтуынша, соңғы уақытта қолма-қол емес жолмен пара беретіндер көбейген

Kaspi Gold арқылы пара алатындар көбейген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы бір азаматты музейге жұмысқа тұрғызғаны үшін Kaspi Gold аударымы арқылы 700 мың теңге алған. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров айтты. Kaspi Gold-тан бөлек, жеке есепшот, Kaspi әмиян да ақшалай пара алып/беруге қолданатындар бар екен.

Тергеуші электрондық жолмен жасалған басқа да жемқорлық фактілерін мәлімдеді.

«Павлодар облысында АП-162/10 түрмесінің бастығына Хасенов есімді сотталушы жеңілдетілген жаза түріне өтуге көмектессін деп 200 мың теңгені Халық банк картасына аударған. Ал Батыс Қазақстанда ұлттық гвардия әскери бөлімнің бастығының орынбасары Омаров кәсіпорын директорынан Киви әмияны арқылы 300 мың теңге алған», - деді тергеуші.

Пара алудың мұндай түрлері барлық жемқорлық фактілерінің бар-жоғы 1%-ын құрайды. Дегенмен, цифрлық технологияның дамуымен бұл көрсеткіш өсіп жатқан көрінеді.

Бегайдаровтың сөзінше, соңғы уақытта қолма-қол емес жолмен пара беретіндер көбейген. Осының алдын алу үшін агенттік Израильдің электронды ақшалардың қозғалысын бақылайтын жүйесін Қазақстанға да енгізбек.

Ақпарат үшін:

Жалпы, 2017-2019 жылдар аралығында 3000-ға жуық жемқорлық фактісі тіркелген. Оның 65 пайызы пара беру бойынша, 28%-ын пара алу. Ал 7%-ында пара алу/беруге делдалдық көрсетілген. 2500 іс сотқа жетіп, 1775 адам сотталған. Олардың 414-і бас бостандығынан айырылып, 88 адамға айыппұл салынған. Жемқорлық үшін салынған айыппұлдың ең үлкені - 1,1 млрд теңге. Ең үлкен жаза - 17 жыл.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары