Енді жобаға 2018, 2019 және 2020 жылдары әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады
28 қазаннан бастап баспанаға мұқтаж жан ретінде әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан азаматтарынан өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталады. Енді жобаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдардан бөлек, 2018, 2019 және 2020 жылдары әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады. Бұл туралы жоба операторы – Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс», - делінген хабарламада.
Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 407 өтініш қабылданды, оның 6 956 кезекке тұру датасына (1986-2010 ж. ж.) сай келді. Соның нәтижесінде, жалпы көлемі 5 752 000 000 теңгеге 447 несиелік өтініш мақұлданды.
Бағдарламаның екінші кезеңінде 22 834 өтініш қабылданды, оның 17 986 кезекке тұру датасына (2011-2015 ж. ж.) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 22 325 000 000 теңгеге 1 620 несиелік өтініш мақұлданды.
Бағдарламаның үшінші кезеңінде 11 957 өтініш қабылданды, оның 9 511 кезекке тұру датасына (2016-2017 ж. ж.) сай келді. Сонык нәтижесінде жалпы көлемі 4 361 000 000 теңгеге 319 несиелік өтініш мақұлданды.
Үш кезеңді қоса алғанда 54 198 өтініш қабылданып, оның 34 453 кезекке тұру датасына (1986-2017 ж. ж.) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 32 млрд 400 млн теңгеден астам қаражатқа 2 386 несиелік өтініш мақұлданды.
«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарында займ мөлшерінің 10 пайызы көлеміндегі соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін», - деп түсіндірді.
Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңадан салынған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер салып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның үлестік құрылысқа қатысу туралы кепілдігі бар келісімі болған жағдайда).
«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген:
Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары салған үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен олардың шекарасымен іргелес елдімекендерде 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.
Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілетін бағалау жөніндегі өтінішін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.
Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 28 қазанынан басталады. Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:
Займды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.
Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды eGov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.