$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 12:11
Қоғам

Министрлік лицензиясынан айырылған ЖОО студенттерін алда не күтіп тұрғанын түсіндірді

Студенттер лицензияның кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа оқу орнына ауыса алады

Министрлік лицензиясынан айырылған ЖОО студенттерін алда не күтіп тұрғанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда (қайтарып алынған) немесе ЖОО жабылған жағдайда, аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа ЖОО-ға ауыса алады», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл норма студенттердің оқуын үзбей жалғастыру үшін қабылданып отыр.

«Қазір БҒМ білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған ЖОО білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсынысты қарастырып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар болса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады», - дейді толықтырып.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда бірқатар ЖОО білім беру лицензиясынан айырылды. Ал Алматыдағы Тынышпаев атындағы академия бас лицензиясынан айырылды

Серіктес жаңалықтары