Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі
Жексенбі күні, 25 қазанда елордада қоғамдық көлік қатынайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 26 қазаннан бастап автобустар қайта қатынайды.
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.