22.10.2020, 16:42
Қоғам
Оралда 65 жастан асқан қариялар көшеге бейсауат шықпайды
Шаһардың бас санитар дәрігері қаулыға өзгеріс енгізді
Фото: БҚО әкімдігі, drive2.ru
Орал қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жаңадан шектеулер енгізді.
Орал қаласының аумағында:
- 65 жастан асқан адамдардың себепсіз көшеге шығуына шектеу қойылады;
- Демалыс күндері ауыл шаруашылық, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады;
- Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды.
Орал қаласы әкіміндігі мен қалалық полиция басқармасы төменде көрсетілген жабайы сауда орындарын жоюы тиіс:
- «Мирлан» базарының ауданы - Досмұхамедов көшесі;
- «Жайық дүкеннің» ауданы - Әбілқайыр хан даңғылы, 155;
- «Юбилейная» аялдамасының ауданы - Н. Назарбаев даңғылы;
- «Школьник сауда үйінің» ауданы - Құрманғазы көшесі;
- Бұрынғы «Султан» базары - Абай даңғылы 90/2в;
- «Жеңіс сауда үйіне» қарама-қарсы 6 шағынаудан;
- «Аяжан сауда үйіннің» ауданы - Әбілқайыр хан даңғылы, 155;
- «Ақжол» базараның ауданы - Құрманғазы көшесі;
- «Өнім» базарының ауданы - Гагарина көшесі.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды