26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл талаптың 5 жасқа толмаған балаларға қатысы жоқ

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың бәрінде, оның ішінде Қазақстан азаматтарында ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасы болуы керек. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, анықтама мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде кем дегенде, 72 сағат бұрын алынған болуы тиіс.

Бұл талаптың 5 жасқа толмаған балаларға қатысы жоқ.

ПТР-тесттен өткені туралы анықтама қағаз түрінде де, электронды түрде де (смартфонда болса да) жарамды болады.