$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 16:01
Қоғам

Сағынтаев Алматы көшелерін жезөкшелерден тазарта алды ма?

Бұл сұраққа жергілікті тұрғындар жауап берді

Алматылықтардың айтуынша Сейфуллин көшесінде жезөкшелер тәнін саудалауды әлі тоқтатқан жоқ. Бірақ, қазір көше бойларын қыздардың өзі емес, делдалдар торауылдайды. Олар «клиентті» жақын жердегі жалдамалы пәтерге жеткізіп салады. Жеңіл жүрісті қыздардың өзі полиция  жезөкшелер шоғырланатын қонақ үйлерге арнайы рейд кезінде ғана келетінін айтады. Қолға түскендерді кезекші бөлімге жеткізіп, үш тәулік қамауда ұстайды. Кейін босатып жібереді. Ал қыздар жұмыс орындарына қайтып келеді.   Еске салайық, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл тамыз айында Сейфуллин көшесін жеңіл жүрісті қыздардан тазарту туралы бұйрық берген еді. Алматы қалалық полициясы жезөкшелер топтасқан 16 орынды анықтап 130-дан аса қыз бен олардың «жеңгетайларын» қолға түсірген болатын.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

 

Серіктес жаңалықтары