Олар COVID-19-ға қарсы ПТР-тесттен өтпеген
COVID-19-ға қарсы ПТР-тесттен өтпеген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
18 қазанға қараған түні елімізге 14 халықаралық рейспен 1969 жолаушы ұшып келген. Олардың 1724-де ПРТ-тесттен өткені туралы анқытама болса, 245-інде болмаған.
Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 852 жолаушы ұшып келген, ондағы 717 адамда анықтама бар, 135-де жоқ. Алматыға 7 рейспен 981 жолаушы келген, анықтамасы барлар – 885, анықтамасы жоқтар – 96. Шымкентке 1 рейспен 136 жолаушы келген, ондағы 14 адамда тесттен өткендігі туралы анықтама болмаған.
«Қазақстан азаматтарының 87 пайызы халықаралық әуе рейстерімен ПТР анықтамамен келді. COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы жоқ Қазақстанның 245 азаматы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР-тесттен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды», - деді Сәдуақас Байғабылов.