$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2020, 14:28
Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір өрт сөндіру депосы ашылды

Соңғы 15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 нысан салынды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір өрт сөндіру депосы ашылды

Елордада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орайластырылған.

Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде еліміздің өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында соңғы 15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 нысан салынды, оның ішінде 23 өрт сөндіру депосы және 8 құтқару станциясы бар.

Алтай Көлгінов әкімдік өртке қарсы қызмет объектілерінің құрылысына және азаматтық қорғау органдары үшін авариялық-құтқару техникасын сатып алуға көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Юрий Ильин мен Алтай Көлгінов елордалық жедел ден қою және төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін гарнизонға өрт техникасы мен реанимобильдердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, қызметкерлерге жаңа өрт сөндіру депосының жобасы аясында жүзеге асырылған қызметтік тұрғын үйдің кілттері берілді.  Жоғары көрсеткіштері мен кәсіпқойлығы үшін көзге түскен қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды. Содан соң естелік лентасы кесіліп, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықовқа символикалық кілт табыс етілді. 

«Жаңа төрт қабатты өрт сөндіру депосының ғимараты Нұр-Сұлтан қаласының Алаш ауданында салынды. Өрт сөндіру бөлімі жалпы ауданы 4 мың шаршы метр, 6 машина орны бар. Депоның соңғы қабаттарында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған, онда 27 тұрғын бөлме мен жайлы пәтерлер бар», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Өрт сөндіру депосы Байқоңыр ауданының аумағына қызмет көрсететін болады. Өрт сөндіру депосының қызмет көрсету аймағына тіршілікті қамтамасыз ету, сауда объектілері, өнеркәсіптік базалар мен қоймалар, саяжай алаптары кіреді.​ Сонымен қатар, Ақмола гарнизонымен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес ТЖ-ны жою кезінде көмек ретінде бұл бөлім Қоянды, Софиевка тұрғын үй алаптарына барады.

Депоның мәжіліс залында Министр мен әкім арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары