Бауыржан Байбек Ақтаудағы онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратымен танысты

Автор: Azattyq Rýhy

Партия Төрағасының бірінші орынбасары жергілікті халықпен сайлауалды бағдарламаны талқылады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге сапары барысында Ақтау қаласында болды. Ол мұнда алдымен облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралады. Құрылысы 2008 жылдан бері созылып келе жатқан бұл орталық партия Төрағасы бірінші орынбасарының былтыр шілде айындағы сапарынан соң партиялық бақылауға алынған болатын.

«Заманауи диагностикалық кешеннің пайдалануға берілуі қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында анықтау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қажетті жабдықтарды жеткізу таяу уақытта аяқталады. Орталық ұжымымен кездесіп, жауапты жұмыстарына табыс тіледім», - деп жазды Буыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында. 

Бұдан соң партия Төрағасының бірінші орынбасары өңірдегі партияішілік праймеризге қатысушылармен, сондай-ақ жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Басқосуда партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқылады, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын ескеріп, «ҚазАзот» кәсіпорнына бардым. Бұл – қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауыттың жобалық қуаттылығын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіруге дейін ұлғайта отырып модернизациялау жоспарлануда.

Елбасы бастамашылық еткен республикалық «BizBirgemiz» акциясына қатысқандары үшін кәсіпорын ұжымына алғыс айттым. Пандемия кезінде ҚазАзот қызметкерлері облыстағы ауруханалар мен стационарларға кислород баллондарын өтеусіз толтырып беруді қамтамасыз еткен болатын. 

Сондай-ақ, Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың 5-ші кезең аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексердім. Осы төлемдерді қосқанда, бір жыл ішінде Маңғыстау облысында 28 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды, бұлардың қатарында қарт адамдар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар және басқалары бар», - деді Б. Байбек.