Павлодар облысының шекараға жақын 4 ауданында стационарлар ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста ел шекарасынан өткен 20-дан астам адам карантиндік орындарда жатыр

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова шекарадан кірерде анықтамалары болмаған Қазақстан азаматтары аудандардағы стационарға жатқызылатынын атап өтті. Ал анықтамасы бар, алайда, шекарада жоғары дене температурасы анықталған өзге елдің азаматтары Павлодар қаласындағы инфекциялық стационарға жеткізіледі. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды. 

«Облысымызда шекараға жақын Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарында еліміздің азаматтары үшін 10-30 орынды карантиндік стационарлар ашылды. Қазіргі уақытта Успен ауданында – 10, Шарбақтыда – 6, Железинде 5-7 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ шекарада медициналық ұйымы бар бекеттер қойылған», - деді Сәуле Арыстанова.

Айта кетейік, шекарадан өту туралы жаңа қаулы қабылданған күні таңертең Қазақстанға 98 адам кірген. Оның ішінде 5 азамат кері қайтарылған.