$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 22:23
Қоғам

Еліміздегі әуежайлар биыл 6,2 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті

Бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен 47%-ға  (11,8 млн адам) аз

Еліміздегі әуежайлар биыл 6,2 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті

Еліміздегі әуежайлар биылғы 8 айда шамамен 6,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен 47%-ға (11,8 млн адам) аз. Осы кезеңде 3,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес кезеңімен (5,6 млн жолаушы) салыстырғанда 43%-ға төмен. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұған әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан аумағында әуе рейстерін орындауға енгізілген шектеулер әсер етті. Қазіргі уақытта ішкі рейстер, сонымен қатар Оңтүстік Корея, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Түркия, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет және Ресей сияқты 11 елге тікелей халықаралық жолаушылар рейсі орындалуда», - делінген хабарламада.

Барлық рейстер ҚР Көліктегі Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің шараларын қатаң сақтай отырып, орындалады.
Еліміздің барлық әуежайларында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, карантиндік шаралар (әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу, қолғап кию) сақталады. Әуежай ғимараттарына кіреберісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында қашықтық сақтап, термометриямен өлшеу жүргізіледі.

 

Серіктес жаңалықтары