Елордаға халықаралық рейспен ұшып келген 22 жолаушы ПТР-тест тапсырудан бас тартқан
Бас тартқандарға қатысты полиция өкілдері шара қолданған
БАӘ мен Түркиядан оралған 22 адам COVID-19-ға ПТР-тест тапсырудан бас тартты. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы келгендерді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындауға көндірген.
«22 адам бас тартты, автобуста отырды және кіргісі келмеді. Біз көндіруге тырыстық, олар жанжал шығарып, бағынбады. Себептері әртүрлі. Түсіндіру жұмысын жүргізген соң, карантиндік стационарға бір-бірден кіре бастады», - дейді «Рамада Плаза» карантиндік стационарының директоры Жұлдыз Данбаева.
Наразылық білдірушілердің бірі - 42 жастағы қала тұрғыны. Ол сынақ нәтижесін күткісі келмейтінін айтып, мекемеден кетуге тырысқан. Полицейлер ер адамға қатысты шаралар қабылдады.
«Ер адам әйелімен және баласымен Түркиядан ұшып келді. Оның отбасы барлық процедуралардан өтсе де, ол талдау нәтижесін күтпейтінін мәлімдеді және қашып кетуге тырысты. Полицейлер шара қолданды», - деп түсіндірді Жұлдыз Данбаева.
Еске сала кетейік, өткен түні Нұр-Сұлтан шет елдерден ұшып келген 150 жолаушы Ramada Plaza Astana қонақүйінде карантин стационарына оқшаулауға алынды.