Әр төсек оттегімен қамтылған: Алматыда жаңа модульдік стационар қалай жұмыс істейді
Клиникада COVID-19 науқастарын тиімді емдеу үшін қажетті нәрсенің бәрі қарастырылған
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасымен бірлесіп, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды орналастыру үшін салынған жаңа модульдік инфекциялық стационардың аумағына баспасөз турын ұйымдастырды.
Жаңа модульдік стационар Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы ретінде ашылды. Баспасөз туры барысында қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин баспасөз турына қатысушыларды модульдік стационардың жұмысымен таныстырды.
«Модульдік инфекциялық стационар 300 төсекке есептелген. Стационарда барлығы 320 медицина қызметкері жұмыс істейді: 70-тен астам дәрігер, 150 медбике, қалғандары – кіші және орта медицина қызметкерлері», - деді Е. Сералин.
Стационарда 8 палаталы бөлімше бар, оның ішінде боксталған палаталары бар 2 блок және жартылай боксталған 6 блок. Маршруттың мұндай механизмі инфекцияның алдын алу және жұқтырған адаммен байланысты болдырмау үшін жасалған. Ауруханада барлығы: бокс палаталарында — 40 орын, 2 орынды жартылай бокс палаталары — 188 орын, 3 орынды жартылай бокс палаталары — 42 орын, реанимациялық төсектер — 30 орын ашылған.
Бұл стационардың бірегейлігі — құрылыстың жүргізілуінің мерзімі мен технологияларында ғана емес, стационардағы әрбір төсектің қосымша техникалық жабдықталуында. Стационарда желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қолданылады. Аумақта әр төсекке оттегі жеткізуді қамтамасыз ететін оттекті-газдандыру станциясы салынды.
Сондай-ақ әрбір реанимациялық палатада медициналық газдардың үш түрі шығатын консольдер жүргізілген. Бұл технология КВИ-сые жұқтырған пациенттерді емдеу сапасын арттырады және аурухана аумағында оттегі баллондарымен жұмыс істеуге байланысты қауіпті төмендетеді.
Клиникада кешенді тәсіл жүзеге асырылады және COVID-19 науқастарын тиімді емдеу үшін қажеттінің бәрі қарастырылған. Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Қабылдау бөлімшесінде пациенттер бокстар арқылы түседі, онда бастапқы тексеру және барлық қажетті диагностика жүргізіледі.
Зертхана бөлімшесінде медициналық зерттеулердің барлық түрлері (ҚЖТ, ЖЗТ, биохимиялық зерттеулер, сондай-ақ COVID-19 арналған ПТР диагностикасы) қолжетімді. Стационардың жанында жеке зертханасы бар, онда коронавирус инфекциясына ПТР-диагностиканы қоса алғанда, зерттеулердің барлық түрлері жүргізілетін болады.
Клиника базасында медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімі де ұйымдастырылған. Орнатылған кәдеге жарату станциялары Б және В класындағы эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтарды А класындағы қауіпті емес қалдықтарға (тұрмыстық қоқыс) ауыстыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Барлық медициналық қалдықтар 132 градус температурада зарарсыздандырылады. Енгізіліп жатқан стерилдеу жүйесінің бірегейлігі оның клиниканың қызметкерлері мен келушілері үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігінде болып табылады. Бұл технология клиникаға жұқтырған науқастармен байланыста болған жұқтырған науқастардың жеке заттарын немесе клиника қызметкерлерінің киімдерін зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.
Биоқауіпсіздікті сақтау үшін стационардың кәріз ағындары тазартылады және зарарсыздандырылады. Бұл бүкіл қала үшін стационардың қауіпсіз қызметіне кепілдік береді.