Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді
4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жексенбі, 4 қазанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты. Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.