$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 12:25
Қоғам

Пәтер, көлік, ақшалай гранттар: Алматыда мұғалімдер қалай марапатталды?

Бүгін елде мұғалімдер күні атап өтіледі

Пәтер, көлік, ақшалай гранттар: Алматыда мұғалімдер қалай марапатталды?

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис педагогтарын құттықтады және «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен ақшалай гарнттарды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тікелей эфирде көрсетілген шараға педагог ардагерлер, мұғалімдер және білім ұйымдарының басшылары қатысты.

Мерекелік рәсім барысында мұғалімдер — «Алматының жыл мұғалімі» және «Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты» қалалық байқауларының, сонымен қатар «Үздік педагог» республикалық байқауы қалалық турының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

«Алматының жыл мұғалімі» және «Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты» қалалық байқаулары Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың бастамасы бойынша өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған. Оның мақсаты — мұғалім мамандығының беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Биыл «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының Гран-при жүлдесі №133 мектептің оқытушысы Мақпал Шүкееваға бұйырды. Ол 2 бөлмелі пәтердің кілтін алды. Ал 1-орынды жеңіп алған №140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Дәурен Сағынғалиевке жеңіл автокөліктің кілті тапсырылды. Қалған жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен гранттар берілді, делінген қалалық Білім басқармасының хабарламасында.

Қала әкімі білім жүйесін дамыту шаралары, білім берудің жаңа мекемелерін салу, жас мамандарға қолдау көрсету туралы да айтып өтті. Мысалы, осы жылы қала мектептерінде өздерінің еңбек жолдарын бастаған жас мұғалімдерге материалдық көмек ретінде бірреттік төлем беру практикасы жалғасатын болады. Қазан айында жалпы сомасы 27 млн теңгеден асатын төлемді 549 жас мұғалім алды.

Айта кету керек, қала мұғалімдерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударылады. Бүгінгі күні жеңілдетілген несие беретін «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарлама аясында 187 жас мұғалім баспаналы болғын.

Алматының білім жүйесінде 32 мыңнан астам педагог бар, олардың 500-ден астамы ағымдағы жылы өздерінің алғашқы еңбек жолдарын бастаған жас мамандар.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары