$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2020, 13:09
Қоғам

Алматыда аурухананың қабылдау бөлімін салуға 3,7 млрд теңге қарастырылған – әкімдік

Бұл қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізіліп, медициналық қондырғылар сатып алынады

Алматыда аурухананың қабылдау бөлімін салуға 3,7 млрд теңге қарастырылған – әкімдік
фото: Марат Қалдыбаев

Қалқаман ауруханасында жалақы алмаған құрылысшылардың мәселесіне қала әкімдігі жауап берді. Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін салып жатқан құрылысшылар алдағы екі күнде тиісті қаражатты алады. Қазір арнайы комиссия құрылып, мәселенің неден туындағанын анықтап жатырмыз, деді Жайлы қалалық орта басқармасының өкілдері.

Azattyq Rýhy тілшісіне сұқбат берген басқарманың бас маманы Асқар Қыдырбай бас мердігер EC Energy Qazaqstan компаниясына 136 млн теңге аударылғанын айтты. Ал, шілде айында аурухана құрылысына авнас ретінде 300 млн теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстарына 12 ай ішінде 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылған.

«Бұл қабылдау бөлімі қазіргідей пандемия уақытында өте керек. Ол жерде 48 төсек орын болады. Ауырып келген адам осы бөлімнен жедел тексеріліп, уақытша жатқызылған соң, стационарға ауысытырлады. Жалпы құрылыстың аумағы – 5400 шаршы метр. Ал жұмысшыларға екі ай жалақы бермеген компания өкілдерін әкімдікке шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. «Крафин Строй» ЖШС-не екі күнде қаражат беріледі. Біз бақылауда ұстап отырмыз», - деді А.Қыдырбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда аурухана салып жатқан құрылысшылар наразылық білдірді

Кеше қаладағы ең ірі ауруханалардың бірінде науқастарды қабылдау бөлімін салып жатқан құрылыс компаниясы мердігерлердің қаржы бермей отырғанын айтып шағымданған болатын. Жеке компания құрылыстың алғашқы сатысына 53 млн теңге қаражат алуы тиіс болған. Суб-мерідгер Urban Concept Construction компаниясының директоры Нұрхан Алтаев қалалық әкімдік қаржы аудармай отыр деп ақталған болатын.

Ашық дереккөздерінде EC Energy Qazaqstan компаниясының басшысы ретінде Дәулет Ержігітов деген азамат көрсетілген. Тіркелген уақыты 2002 жылы. Негізінен электр сымдарын шығарумен айналысатын компания Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан.

EC Energy Qazaqstan салықтық түсімдері:

«Завод ЭЛЕКТРОКАБЕЛЬ» деген атпен танымал кәсіпорын 2015-2020 жылдары 65 рет экономикалық сотқа тартылған. Айта кету керек, бас мердігер EC Energy Qazaqstan компаниясы Қалқамандағы аурухананың қосалқы ғимаратына тендер ұтып алған. Компания бір жылда 3,7 млрд теңгені игеруі тиіс. Қомақты қаржы республикалық бюджеттен бөлінген, оған медициналық қондырғыларды да сатып алады.  

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары