Індеттен ірі кәсіпорындар шығынға ұшырап жатыр
Құс тұмауының салдарынан фабрикалар тығырыққа тіреліп, жұмыссыздардың саны көбеюі мүмкін. Құс өсірушілер одағының пайымы осы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қостанай облысының өзінде 300 мыңға жуық құс дерт құрбаны болған. Ветеринария басқармасы Арқалықтағы фабрикада 296 мың құстың қырылғанын растады. Індеттің салдарынан ірі кәсіпорын шығынға ұшырап, жүздеген адам қысқартуға ілігетінін жасырмайды.
«Адамдар жұмыссыз қалуы мүмкін. Ақшалай да шығын ғой. Бәрі профилактика жасап, дезинфекция жасап, барлық фабрикалар вакцинация жасап жатыр», - деді Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.
Облыстағы 4 елдімекенде карантин енгізілді. Құс тұмауы анықталған аумақтарға блок-бекеттер қойылып, дезинфекция шаралары қолға алынған.