ШұғылОқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Алматыдағы стационарлар енді инфекциялық және провизорлық деп бөлінбейді

Алматыда коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындығы жайында семинар өтті.

Алматыда өткен семинарда қала дәрігерлері басқа өңірлердегі әріптестеріне тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Семинарға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Конирбаев қатысты. Аймақтардан 15-тен аса жетекші дәрігерлер мен COVID-19 індетіне қарсы күресуге бағытталған басшылық құрам өкілдері жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермей, қиындыққа қалай төтеп беруге болатыны жөнінде айтып берді.

Онлайн режимде өткен жиын барысында жаз айларында коронавирустан емдеуде кеткен қателіктер сараланып, алда болуы мүмкін екінші толқынға дайындық пысықталды.

Сондай-ақ жиында Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы енді қаладағы стационарларды инфекциялық және провизорлық деп бөлуден бас тартатынын, барлық стационарларды жарақтану деңгейіне науқастарды емдеуге жатқызудың жаңа тетігі енгізіліп, пациенттердің жай-күйінің ауырлығын бағалауды чек-парақтар арқылы жүзеге асырмақ.

«Клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. Ал биоқауіпсіздік, яғни медициналық қалдықтарды жою және кәріз ағындарын зарарсыздандыру бойынша стационарларда жаңа технологиялар енгізілді», - дейді басқарма басшысы Камалжан Надыров.

Алматы қаласынде алғаш рет телемедицина орталығы құрылды. Телемедицина орталығының міндеті – коронавирус жұқтыруы мүмкін және расталған жағдайларда науқастарға дәрігерден видео-консультация алу және мониторинг жасау.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы