Барлығы 12 бала ауырып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысының 8 мектебінен және 1 балабақшадан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Коронавирус СҚО-ның 8 мектебінен және 1 балабақшадан анықталды. Барлығы 12 баладан вирус шықты. Тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Науқастармен байланысқа түскен жандардың барлығы он төрт күн үйде отырып, карантин режимін ұстанады»,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте ШҚО, Алтай ауданында КВИ екінші сынып оқушысынан анықталған. Артынша, төртінші сыныптың тағы екі оқушысында облыстың Шемонаиха ауданында коронавирус анықталды, ал Көкпекті ауданында 11-сынып оқушысы ауырып қалды.
24 қыркүйекте Кожахметов осы оқиғаларға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше мектеп карантинге жабылатынын хабарлады.