25.09.2020, 14:56
Қоғам
Шымкентте карантиндік шектеулер 12 қазанға дейін ұзартылады
Еске алу, туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады
Фото: ашық дереккөзден
Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 00-00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан күні сағат 00-00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына:
- Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу, туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады.
- 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі.
- Қалада жүріп-тұру кезінде маска кию бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
- Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.
- Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.
- Қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталады.
Қаулының толық нұсқасымен мына сілтемге өту арқылы танысуға болады.
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады
19.06.2026, 14:19
Астанада қоқыс төгетін жүк көліктері дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)
19.06.2026, 21:17
Ормуз бұғазы ашық тұр: мұнай бағасы қалай өзгеруі мүмкін?
19.06.2026, 15:39
Шахтинскіде екі зейнеткер құдыққа түсіп кетті