27 қыркүйекте елордадағы қоғамдық көліктердің жұмысы бір күнге тоқтатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді

Фото: Батыржан Беспаев

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарланды қалалық әкімдіктің ресми сайтында. 

«Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты. Дүйсенбі күннен бастап, 28 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, дезинфекциялық шараларға байланысты елордада 13 қыркүйекте де қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтатылды.