$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 11:24
Қоғам

Биыл 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

1991 жылдан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ отанына оралған

Биыл 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды
фото: gov.kz

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (59,1%) Қытайдан, 25,6%, Өзбекстаннан, 8,8% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (54,6%) және Маңғыстау (12,7%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,1%) қоныстанды.

«Келушілердің 60%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, шамамен, 5%-ы ғана зейнеткерлер. Оралман мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады», - деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.

Айта кету керек, 2019 жылдың осы кезеңінде 9,6 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды, оның ішінде 53% Өзбекстаннан, 26% Қытайдан, 21% Моңғолиядан, Түркменстаннан және басқа елдерден келді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «оралман» сөзі ресми түрде «қандас» сөзіне өзгертіледі.

Серіктес жаңалықтары