Жаза өлім инъекциясы арқылы Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде жасалды
АҚШ үкіметі федералды деңгейде өлім жазасына 17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін алғашқы афро-америкалықты өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Кристофер Виалва 1999 жылы Техаста христиан белсендісінің жас жұбайын өлтіргені үшін ең жоғары жазаға тартылды.
Жаза өлім инъекциясы арқылы Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде жасалды.
Шілде айында АҚШ Жоғарғы Соты Заңға өзгеріс енгізді. Елдегі федералды түрмелерде өлім жазасын төменгі соттың алдын ала белгілеген кідірісін алып тастау арқылы орындауға болады деп шешті.
Алғашқы өлім Индиана штатындағы Терре-Хот федералды түрмесінде ұсталған 47 жастағы Дэниэл Льюис Ли болды. Виалва мораторий жойылғаннан кейін өлтірілген жетінші сотталушы болды.