Оған қатысу жолаушының еркінде және бірінші кезекте шетелден келушілерге бағытталған
Хельсинки әуежайында арнайы иттер тобы жұмыс істей бастады, олар жолаушыларда коронавирустық инфекцияның бар-жоғын анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«COVID-19 (танитын) иттер Хельсинки әуежайында 2B келу залында жұмыс істей бастады. Иттер адамдарға берілетін сынақ майлықтары арқылы коронавирусты анықтауға үйретілді. Қатысу ерікті түрде өтеді және бірінші кезекте шетелден келетін жолаушыларға бағытталған»,- делінген хабарламада.
Ол үшін ұшып келген жолаушы қолының терісін майлықпен сүртеді. Содан кейін майлық итке тиесілі арнайы ыдысқа тасталады. Барлық процедура бір минуттан аспайды. Тестте жеке деректер жиналмайды. Егер нәтиже оң болса, адам қосымша нұсқаулар алу үшін ақпараттық-медициналық пунктке жіберіледі.
Айта кетерлігі, иттерді қолдану эксперименті төрт айға созылады.