22 жылын фермада құлдықта өткізген қарағандылық әйел құтқарылды
Ол даладан тас жолға дейін 30 шақырым жолды жаяу жүріп өткен
39 жастағы Мадина Аманбаева өзінің саналы өмірінің көп бөлігін Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы шалғайдағы фермада өткізді. Онда оны тұтқында ұстап, үнемі түрлі зорлық-зомбылыққа душар етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, қамау орнына ол балалар үйінен кейін бірден тап болған. Үй иелері-фермерлер жақсы өмір, жеке бөлме, монша және тіпті велосипед беруге, яғни, баланың арманын орындауға уәде берді. Алданып қалған Мадина осылайша 22 жыл бойы тозаққа түседі.
Мадина Аманбаеваның айтуынша, фермадағы кісілер оны ұратын, қайнаған су шашқан, жыныстық байланысқа түсуге мәжбүрлеген. Таңертеңнен кешке дейін ол үй шаруашылығында жалақы төленбейтін жұмыстармен айналысқан.
Айта кетерлігі, фермада оның балалары дүниеге келген. Алайда Мадина фермерлер оны күшпен ұстағанын дәлелдей алмайды, дәлел жоқ.
«Мен нашар өмір сүрдім. Ер адамдармен олар мені жатып, ұрып-соғып, шайнек жағып, арқамды таяқпен ұрды. Бүйректерім тесілді. Кім ұрды? Ферманың иесі және оның әйелі», - деді Мадина.
Шыдамы таусылған ол қашып кетуге тырысып, даладан тас жолға дейін 30 шақырым жол жүріп өтеді. Бірақ оны ұстап алып, кері қайтарады. Осы оқиғадан кейін оның қызы және екі ұлы туылады. Сондықтан Мадина қашу, тіпті, мүмкін емес жағдайға айналды дейді.
Қыстауға адам саудасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия келгенде ғана, Мадинаға фермерлердің қысымынан құтылу мүмкін болыпты.
Қазір құқық қорғаушылар полицейлерден қыстаулардағы қанауға ұшыраған адамдарды анықтауды талап етуде. Бұл жалғыз жағдай емес дейді олар. Олардың мәліметінше, тек Қарағанды облысында бір жыл ішінде бас бостандығынан заңсыз айыру немесе адам саудасына байланысты бес қылмыстық іс жабылды.
«Біз оны тапқан кезде, ол лас киім киген лас әйел еді. Біз оның әйел немесе еркек екенін түсіне алмадық. Оның қолдары қатып қалған, өйткені ол күніне 15 бас сиыр сауған. Барлығы 30 сиыр бар екен. Әбден қорлық көрген. Мадинаның құқығы тапталғанын дәлелдеу үшін бұл факт жеткіліксіз бе?», - деді «Қайсар» ҚБ төрағасы, облыс әкімдігі жанындағы Адам саудасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі Оксана Тарабукина.
Қыстау иелері Мадинаның барлық айыптауларын жоққа шығарды. «Ақша төленді. Оны ешкім зорлықпен ұстаған жоқ. Кез келген уақытта кете алатын еді» деп, «заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша іс жабылды.
Құқық қорғаушылар полиция тұтқындаушыға елдімекендерден жүздеген шақырым жерде орналасқан қыстаудан кету мүмкін емес екенін ескермегенін айтады.
Комиссия мүшелері мұндай істерде «Адам саудасы» бабын қолдануды талап етеді, өйткені олар адамды жалдау және пайдалану болды деп санайды.
Айта кетерлігі, жақында Мадина Аманбаеваның ісі бойынша тергеу қайта басталды. Оның не әкелетіні әлі белгісіз.
Әйел жаңа өмір бастауға тырысады. Аспаз мамандығын игереді, ақша төленетін жұмыс істеуді үйренеді. Ұлдары оны анасы деп атай бастады. Отбасына қамқорлық пен баспана қажет, бірақ Мадина бәрі жақсы болады деп сенеді.
13 қыркүйекте СҚО-дағы фермерден полицейлер сауатсыз әйел мен баланы құжатсыз тапқаны белгілі болды, олар тұрғыннан келіп түскен хабарламадан кейін тексеріс жасаған.