Ақтау мектептеріне 1100 компьютер мен 2737 ноутбук берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтау мектептеріне 1100 компьютер мен 2737 ноутбук берілді. Бұған республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мектептен алған техника аз қамтылған, жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Ақтау мектептерінің оқушыларынан басқа Жаңаөзен, Бейнеу және Мұнайлы аудандарынан 18 704 бала компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 

«Жаңа 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында жалғасуына байланысты біздің мектепке 90 жаңа компьютер берілді. Біз бұл үшін өте қуаныштымыз және ризамыз. Бұған дейін аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектепте қолданған 29 компьютер берілген. Біз жаңа компьютерлерді өтінімдер бойынша тарататын боламыз. Осының нәтижесінде барлық оқушылар қашықтықтан білім ала алады деп ойлаймын»,- деп атап өтті Ақтау қаласындағы №9 мектептің мұғалімі Мәдина Әлиева.