20.09.2020, 10:25
Қоғам
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, 20 қыркүйек күні күндіз ел астанасында жел тұрады
Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында желді ауа райын болжауда. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін.
Атырау және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі.
Бүгін Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, 20 қыркүйек күні күндіз ел астанасында жел тұрады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
