$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 09:35
Қоғам

30-дан астам ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілмеді

Байқауға барлығы 108 жоғары оқу орны қатысты

30-дан астам ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілмеді
Фото ашық дереккөзден

Республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша еліміздегі отыздан астам жоғары оқу орны мемлекеттік тапсырыс орналастырылған ЖОО-лардың тізіміне енгізілмеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдар кірді. Сондай-ақ комиссия құрамына «Атамекен» ҰКП мен ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және қоғам қайраткерлері, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де болды.

«Мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде қоғам барынша әділдікті талап етті. Биыл біз мұны жүзеге асырдық. Дегенмен, бұл шешім белгілі бір жоғары оқу орындары тарапынан наразылық тудыратынын білдік. Республикалық комиссияның шешімі бойынша конкурс талаптарына сәйкес келмейтін 30-дан астам ЖОО 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімінен алып тасталды. Байқауға барлығы 108 жоғары оқу орны қатысты. Мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жоғары оқу орындарының саны айтарлықтай қысқарды. Мәселен, «құқықтық» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша тек 10 жоғары оқу орнында мемлекеттік грант бойынша оқу мүмкін болады, басқа бағдарламалар бойынша да елеулі өзгерістер бар», – дейді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде мынадай критерийлер ескеріледі: жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеу, түлектердің жұмысқа орналасу пайызы, білім беру бағдарламаларының сапасы және жоғары оқу орнының «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі позициясы.

Серіктес жаңалықтары