Кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын хабарлады. Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы жоғары болады. Алайда, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде үсік және тұман байқалады.