26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Коронавирустан емделіп жатқан 132 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 685 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 580 науқас жатыр. 2 105 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 132 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.