$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2020, 03:43
Қоғам

Қызылорда облысында 61 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жасөспірімдер түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде уақыт өткізген

Қызылорда облысында 61 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жыл сайын жазғы демалыс кезінде жергілікті полиция қызметінің ювеналды инспекторларының жұмысы екі есе артады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуға, сондай-ақ түнгі сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруге тыйым салынады. Алайда, көбісі жоғарыда аталған ережелерді сақтамайды.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімі 61 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

«Әр ата-ана баласының тәрбиесі мен мінез-құлқына ерекше назар аударуы керек, бос уақытында не істейтінін қатаң бақылауы керек. Бұл жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың азаюына ықпал етеді. Жергілікті полицияға жүктелген міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары