$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2020, 01:30
Қоғам

«Қазақмыстың» бас директорына пышақ ала жүгірген марқұмға үкім шықты

Марқұм Тоғызбай Тәжбеновтің Амангелді Мініғұловты өлтіруге оқталғаны дәлелденді

«Қазақмыстың» бас директорына пышақ ала жүгірген марқұмға үкім шықты

«Кәсіпкер» кәсіподағының марқұм болып кеткен төрағасына қатысты Қарағанды соты үкім шығарды. Тоғызбай Тәжбенов қайтыс болғаннан кейін «Қазақмыс» корпорациясы тау-кен байыту кешенінің бас директорын өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сотта істі қарап, мән-жайды анықтауды Тәжбеновтің отбасы талап етті. Олардың пікірінше, ресми нұсқада көптеген сәйкессіздіктер бар: мысалы, қылмыс орнынан табылған пышақта Тәжбеновтың ғана емес, басқалардың да іздері бар. Бірақ тергеу мұны ескермеді.

 «Сот Тәжбенов қылмыс жасағаны үшін кінәлі деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, оның кінәсі жәбірленуші Мініғұловтың, куәгерлердің, яғни осы қылмыстың куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді. Сонымен қатар, осы зерттеулерді жүргізген сарапшының айғақтарына сәйкес, заңсыз әрекеттерді жасаған кезде Тәжбенов аффект жағдайында болған жоқ», - деді судья Бекзат Шалғымбаев.

Еске салсақ, 21 қаңтарда «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов қызметтік кеңседе өзара сөзге келген «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұловты төбелес кезінде пышақпен жарақаттады.                                     

Одан бөлек, төбелескендерді ажыратпақшы болған корпорацияның қызметкері Сабыржан Тембаев та кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды. Тоғызбай Тәженов болса өз-өзіне қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қылмыс #Қазақмыс